9 сессия

9sessiyaaОблыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бірінші жартыжылдықта 100 пайыздан астам тұрақты өсім көрсетті.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясының пленарлық отырысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді. Сессия жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Бірінші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы баяндай отырып, облыс әкімі өнеркәсіптің өсу қарқыны 102,7%, Инвестициялар – 104,4%, ауыл шаруашылығы – 100,3%, құрылыс – 104,2%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 102,6%, Көлік және қоймалау – 109,2% деңгейінде қалыптасқанын хабарлады.
Биылғы жылдың басынан бері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында қалыптасқан жағдай туралы айта отырып, облыс әкімі жарты жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің 2,7% - ға өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізілгенін, облысқа 325 миллиард теңге инвестиция тартылғанын хабарлады.


- Ағымдағы жылы 953 миллиард теңгеден астам қаражат тарту және жыл соңына дейін құны 68 миллиард теңгеге жуық және 650 жұмыс орнын ашатын тағы 18 инвестициялық жобаны іске асыру міндеті тұр, - деді Оңдасын Оразалин.
Облыстық мәслихат депутаттары облыс әкімінің баяндамасын талқылау барысында бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, әкімге асыл тұқымды мал басы үшін генетикалық паспорттарды енгізу туралы сұрақтар қойылды, осыған байланысты сынақ орталығын (ДНК орталығы) ашу мәселесі өткір тұр. Басқаларының арасында жолдарды жөндеу сапасына байланысты мәселе де айтылды, депутаттарды ауылдық жерлер және басқалар қандай мерзімде газбен қамтамасыз етілетіні қызықтырды.
Облыс әкімі барлық сұрақтарға толық жауап берді.


- Біздің алдымызда екінші жартыжылдықта халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, экономикалық өсу мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жатыр. Біз алға қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау үшін барлық күш - жігерімізді саламыз, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сессияда сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы және басқа да мәселелер қаралды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі