Баспасөз хабарламасы

010822Облыстық мәслихат депутаттары ветеринарлық қадағалау және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Бұл мәселелер бюджет, аймақтық және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында талқыланды.
«Amanat» партиясының депутаты Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Облыстың инспекция, ветеринарлық бақылау және қадағалау, Ақтөбе облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі инспекция, облыстық ветеринария басқармасының басшылары баяндама жасады.


Депутаттарға хабарланғандай, бүгінгі таңда 341 700 бас Ірі қара мал, 658 мыңға жуық ұсақ малдар, 82 800 жылқы, 13 400 түйе сібір жарасына қарсы екпе алды. Жануарларды құтыруға, листериозға, лептоспирозға, пастереллезге, шешекке,эктимаға, эмкарға қарсы вакцинациялау жүргізілді, туберкулезге аллергиялық зерттеулер жүргізілді.
- Қазір облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинация жалғасуда, - деді Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Дастан Сағиров.
Облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Кеңес Қанатбаев биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыста бруцеллезге 279 677 ірі қара мал басы зерттелгенін хабарлады. 359 946 бас ұсақ мал зерттелді.
- Бруцеллезді анықтауға оң әсер ететін барлық мал басы ет өңдеу кәсіпорындарына союға тапсырылады, иелерінің қаражаты есебінен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті Кеңес Қанадбаев.
2021 жылдың басында облыс бойынша ірі қара малдың бруцеллезі бойынша 5 қолайсыз пункт, ұсақ мүйізді мал бойынша 1 және ірі қара малдың эмфизаматозды карбункулы бойынша 2 пункт болды. Қазір сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.


Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров депутаттарға үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін және жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру ережелерін ұсынды.
Ол үй жануарларын ұстаудың, серуендетудің ұсынылған тәртібін, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру тәртібін айтып, үй жануарларының иелері осы Ережелерді бұзғаны үшін қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар шығарды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі