Баспасөз хабарламасы

270722Облыстық мәслихат депутаттары аутизммен ауыратын балалардың жағдайы мен оларды медициналық стационарларда ұстау мәселелерін талқылады.
Бұл мәселе облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қатысуымен "Ақжол" партиясынан депутат Әсел Шүңкеевтің төрағалық етуімен өткен дөңгелек үстел тақырыбына айналды. Шығармашылық Академиясының ғимаратында өткен дөңгелек үстелге облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалардың, мектепке дейінгі балалар түзету мекемелерінің, ҮЕҰ басшылары қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары баяндама жасады.


Бүгінде облыста ерекше қажеттіліктері бар 6 700 бала білім алуда, олардың ішінде 648-і аутизммен ауыратындар.
- Аутизммен ауыратын 648 баланың 232 - сі арнайы мекемелерде, 27 - сі арнайы сыныптарда, 53-і жалпы білім беретін оқу орындарында, 77-сі үйде білім алуда, - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.
Мәселелер туралы айта келе, ол ерекше балаларға қолдау қажет екенін атап өтті. Бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар 937 баланы мектепке дейінгі арнайы оқытумен және тәрбиемен қамту проблемасы. Ақтөбе қаласында олардың саны 739, аудандарда - 198.
2021 жылы және 2022 жылдың 1 жартыжылдығында денсаулығы бұзылған балаларға арналған мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндаған Райхан Қойшанова арнайы мекемелерді тексеру барысында ауыз суға арналған салқындатқыштардың тиісті санитарлық жай-күйінің болмауы сияқты бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Тексерілетін объектілердің есік тұтқаларында гельминт жұмыртқалары, басқа да бұзушылықтар анықталды.


Депутаттар баяндамашыларды тыңдап, сөз сөйлеушілерге бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, жекеменшік мектепке дейінгі түзеу мекемелерін жан басына қаржыландыру неге жүзеге асырылмайды? Ауру балалардың дені сау балалармен бір сыныпта оқитын фактілері анықталғанын айта келе, депутаттар облыстық білім басқармасының басшысынан мұндай шешімнің себебін түсіндіруді сұрады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі