Баспасөз хабарламасы

200722Қазақстан мәслихаттарының хатшылары жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін және референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтар жұмысының қорытындыларын талқылады.
Ақтау қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында облыстық мәслихаттар хатшыларының қатысуымен «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Кеңесінің екі күндік отырысы өтті.
Кеңеске Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшылары, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты.


- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару туралы жеке заң әзірленуде. Мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту, негізгі тәсілдер жергілікті атқарушы органдардың да, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, Жергілікті өзін-өзі басқару туралы мәселе өте өзекті және әріптестерімізбен жаңартылған заң әрекетінің барлық қыр-сырын, оның ішінде жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өзара іс-қимылын талқылау қажет. Бұл отырыс бізге өз жұмысымызды қай бағытта жандандыру керектігін, бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Екі күн ішінде біз жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты көптеген мәселелерді байыпты және егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің Конституциясына түзетулер енгізу туралы бүкілхалықтық референдум қарсаңында құрылған қоғамдық штабтардың қорытындыларын, олардың қоғамға қандай нәтижелер мен ықпал еткендерін бірлесіп шығару маңызды- деп түсіндірді Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов.


Кеңес барысында іс-шараға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі