Баспасөз хабарламасы

80Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Сұлупан Шынтасова және облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Тимур Владимирұлы еңбек ардагері Аманқұл Ишниязовты мерейлі 80 жасымен құттықтап барды. Аманқұл Жолдығараұлына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту саласында ел игілігі үшін көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін "Құрмет грамотасы" мен естелік сыйлық табыс етілді.


Аманқұл Ишниязов ұзақ жылдар партия органдарында Ақтөбе облысы Алға ауданы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхоздың партия комитетінің хатшысы, Алға және Ақтөбе аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Ақтөбе аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық халықтық бақылау төрағасы, төрағаның орынбасары, Ақтөбе аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Соңғы жылдары Аманқұл Жолдығараұлы Қазақстан Республикасының кеден органдарында жұмыс істеп, еңбек демалысына шықты.
Жұбайы Күләнда Бариқызы дәрігер-невропатолог болып жұмыс істеген. Қазір зейнетте. Ұлы мен қызынан 4 немере сүйіп отыр. Облыстық мәслихат хатшысы зейнеткерлерге зор денсаулық пен амандық тіледі. Ақсақал қонақтарға құттықтаулары мен жылы сөздері үшін алғыс айтып, кездесу соңында батасын берді.


Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі