Баспасөз хабарламасы

280522Құрметті ақтөбеліктер!

Депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа Астананы салу сияқты орасан зор әрі ауқымды жобаны жүзеге асыру мемлекетіміздің басты жетістіктерінің бірі болды. Бүгінде бұл қала қазіргі заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени проблемалары бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразиялық кеңістіктің орталығына айналды.


Біздің елордамыз Нұр-сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның бейнесі және мақтанышы, жасампаз болашаққа ұмтылудың символы. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы сондай-ақ біздің көпұлтты және көпконфессиялы ел бірлігінің, мемлекеттің жаңаруы мен тәуелсіздігінің символы болып табылады. Жас елорда аз уақыт ішінде әлемдік астаналар қатарында танымал болды, мұнда халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Өзінің ерекше сәулеттік келбетімен біздің сүйікті қаламыз оны кем дегенде бір рет көргендердің бәрін қуантады. Әлемдік көшбасшылардың кездесу орнына айналып, біздің елордамыз Қазақстанның қазіргі заманғы және толерантты мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, жақсылық және жаңа жетістіктер тілейміз! Отанымыз Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

А.Ш. Нугманов
Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы