Баспасөз хабарламасы

04Депутаттар кезекті көшпелі отырысты облыстық мұражайда өткізді.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысын облыстық мұражайда өткізу және қаланың әлеуметтік-мәдени объектілерінің басшыларын проблемалық мәселелерді талқылауға шақыру туралы шешім қабылдады.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнусова депутаттарға осы саладағы кейбір проблемалық мәселелер туралы баяндады.


Атап айтқанда, ол облыстық мұрағат қызметкерлерінің орташа жалақысы 132,7 мың теңгені, ал техникалық қызметкерлердің орташа жалақысы 81,4 мың теңгеден аспайтынын хабарлады.
- Мәдениет қызметкерлерінің орташа жалақысы бар - жоғы 108,4 мың теңгені құрайды, оның ішінде әкімшілік персоналдың да, мәдениет нысандарының техникалық қызметкерлерінің орташа жалақысы 74,1 мың теңгені құрайды, - деп бөлісті Алтынай Юнисова.
Облыстық мәслихат депутаттары отырыста сөз сөйлеген облыстық, қалалық мәдениет объектілерінің басшыларын мұқият тыңдап, өз мекемелерінің қызметі туралы айтып, шешуді талап ететін проблемалармен бөлісті. Мәселені талқылағаннан кейін халық қалаулылары баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.


Отырыс соңында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың атынан БАҚ-та жұмыс істейтін депутаттар алғыс хаттармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі