Баспасөз хабарламасы

8469

Құрметті журналистер!
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Журналистика ежелгі кәсіптердің бірі деп бекер айтылмаған, алғашқы қадамдарынан бастап адамзаттың жан-жағында не болып жатқандығын білуі тиіс болған және бұл жағдайлар олардың назарынан тыс қалмау керек болатын. Және осы бір ниеттің арқасында журналист мамандығы пайда болды.


Бүкіләлемдік ғаламтор адамға оңай беретін ақпарат ағынына қарамастан, баспа басылымдарына және олардың электронды нұсқаларына деген қызығушылық жойылмайды. Әлем әлі де олардың жанында, көрші көшеде, туған қаласында, елінде болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытады. Оған журналистер де көмектесуде.
Сіздер кез-келген қиындыққа қарамастан өз жұмыстарыңызды тайсалмастан жасайсыздар және бұл қызметтеріңізге соғыс та, басқа да апаттар кедергі бола алмайды.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз және жаңа табыстар мен қызықты жаңалықтар тілейміз. Мерекелеріңізбен!

Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов