Баспасөз хабарламасы

9Құрметті Сот және сот қызметшілері мен сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мереке – 24 маусым - Сот және сот қызметшілер күнімен құттықтаймын!
Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі - елімізде адам құқығы мен бостандығын сақталуын, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Сондай кепілдік пен әділеттілік болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді. Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға судья болып табылады.


Осыған байланысты 2022 жылдың 24 маусым «Сот және сот қызметкерлері күні» мерекесімен толықтырылды. Осыған орай , барлық Сот және сот қызметкерлерін құттықтай отырып, еліміздің болашағына, қоғамымыздың игілігі, оның өркендеуіне адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз деп шын жүректен тілектестік білдіремін. Сіздердің осындай жауапты салада
еңбектеріңіздің зор екендігі мәлім және баршаңызға алғысымды білдіремін.
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!

ізгі тілекпен, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы

Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов