Баспасөз хабарламасы

130622Депутаттар біліктіліктерін арттырады
Депутаттардың кәсіби құзыреттілігі ментәжірибелік дағдылары деңгейін арттыру бойынша семинар басталды
Семинардың тағы бір мақсаты жаңа сын-қатерлер мен уақыт шындығы жағдайында тиімді қызметті арттыру болып табылады.
Халық қалаулылары бір аптаға созылатын сабақтар барысында көшбасшылық, шешім қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл құзыреттерін егжей-тегжейлі қарап, зерделейді.


Халық қалаулылары бір аптаға созылатын сабақтар барысында депутаттарға саяси ғылымдар кандидаты, саясаттанушы Чеботарев Андрей Евгеньевич, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры заң ғылымдарының кандидаты, Халықаралық сарапшы, Батыс Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаты Мереке Ғабдуалиев, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшы-тренері Алтын Мырзашова, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Серік Орынбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының штаттан тыс жаттықтырушысы Салтанат Оңгар сабақтар өткізеді


- Облыстық мәслихат депутаттары үшін ұйымдастырылған мұндай тренингтер өте маңызды. Депутаттардың кейбір ұсыныстары енгізілген бағдарламада бюджеттік жоспарлауға, кірістер мен шығыстар мәселелеріне, қаражатты тиімді пайдалануға негізгі назар аударылады. Бұл өте маңызды, өйткені бұл депутаттардың негізгі міндеті, олар тұрақты комиссиялардың отырыстарында және сессияларда аймақтардың бюджеттерін бөлу мәселелерін қарастырады, - деп бөлісті "Аманат" партиясынан облыстық мәслихат депутаты Бақытқан Жаншаева

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі