Баспасөз хабарламасы

05052022Дауыс беру үшін бар жағдай жасалды
Әрбір қазақстандық бұл күні өз таңдауын жасап, дауыс беруі керек. Біз осы арқылы болашағамызға таңдау жасаймыз.
Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов қаладағы референдум учаскелерінің біріне отбасымен барып, дауыс берді. Ұлы мен келінімен бірге 85 жастағы қария, еңбек ардагері Шайхолла Нугманов та келді.
-Мұндай тағдыршешті тарихи кезеңде халық өзінің ауызбіршілігін көрсетуі керек,- деп есептейді ақсақал.
- Болашаққа бейжай қарауға болмайды. Ол үшін әрбір қазақстандық азааматтық борышын орындап, жаңа Қазақстан үшін дауыс беруі керек.
-Бұл еліміз үшін маңызды қадам, - деді Амангелді Нугманов.


- Сондықтан әрбір қазақстандықтың осы күні дауыс беру учаскесіне келіп, таңдау жасауы маңызды. Осыдан-ақ халықтың өзгеріс әкелетін референдумға көзқарасын білеміз, елдің өзгерісті қалап, қаламайтынын ұғынамыз.
- Учаске жұмысы сағат 7-де басталды. Бірақ байқаушылар дауыс беруге дайындықты таңғы 5-тен бастады. Әрбір байқаушы дауыс беру кезеңін мұқият қарап отырды. Әзірге дейін ешқандай да құқықбұзушылық тіркелмеді,- деді №559 сайлау учаскесінің байқаушысы, облыстық медиация орталығының хатшысы Мекенжан Қарағұлқызы.
Ал осы сайлау учаскесінің төрағасы Асылбек Ильясовтың айтуынша, мұнда сағат 7-ден бастап дауыс берушілер келіп, таңдауын жасады.
-Учаскеде 9 қызметкер мен бес байқаушы бар,- деді ол.
- Барлығы 7 арнайы дауыс беру орны жасақталды. Онда дауыс беруге бар мүмкіндік жасалған. Учаскеде 2,5 мыңнан астам адам тізімде бар. Олардың кедергісіз дауыс беруіне жағдай жасалды. Сағат 7:00-мен 10:00 аралығында 600-ден астам адам таңдауын жасады.