Баспасөз хабарламасы

01062022Облыстық қоғамдық кеңесінің, референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабының мүшелері Амангелді Нугманов пен Санат Қалиев Мәртөк және Қарғалы аудандарында іссапармен болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, кездесу барысында ел Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістердің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Мәртөк және Қарғалы ауданының тұрғындары референдум өткізуге қатысты көптеген мәселелерге қатысты сұрақтарды қойды . Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов осы аудандарға барған сапарында сайлау учаскелерінің референдум күніне дайындығымен танысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру құқығын жүзеге асырып, референдумға қатысу үшін жағдай жасау қажеттігіне назар аударды.