Мәртөк ауданының тағы бір ауылына газ келді
Шамамен бір айға жетер-жетпес мерзімде осы жылдың сәуір айында басталған ұзындығы 4 шақырымдық газ құбырының құрылысы аяқталды, мердігер ұйым Мәртөк ауданының Жаңатаң ауылына ғана емес, 20 тұрғын үйдің әрқайсысына да газ жеткізді.
- Жобаның сметалық құны 22 миллион теңгені құрады және олар аудандық бюджеттен бөлінді, - деді Мәртөк ауылдық округінің әкімі Орынғали Сағитжанұлы. -Ауылда 50-ден астам адам тұрады, бірақ аудан орталығы мен автотрассаға жақын орналасқандықтан, өте болашағы зор. Мұнда 6 шаруа қожалығы жұмыс істейді, онда ауыл тұрғындарының барлығы дерлік жұмыс жасайды. Ауылда мектеп, клуб жоқ, бірақ болашақта газдың келуімен біз халық көбейеді деп күтеміз, сонда мектеп туралы сұрақ қоюға болады. Әзірге балалар Жайсаң ауылына мектепке барады. Ауылда жақында көше жарығы толығымен орнатылды, енді тұрғындар ұзындығы тек 2 шақырымға дейінгі автожолдың салынуын күтуде.
Салтанатты шараға облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев, қоғам қайраткері Келдібай Еспағамбетов, Қоғамдық кеңес мүшелері Қайырбек Таханов, Фархат Сансызбай, ақсақалдар мен Жаңатаң ауылының тұрғындары қатысты.
Облыстық мәслихаттың хатшысы облыс әкімінің атынан Жаңатаң ауылының тұрғындарын көптен күткен қуанышпен құттықтап, облыс басшылығы ауыл тұрғындарын өркениеттің барлық игіліктерімен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті.
- Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш, көмірге, отынға соншама қаражат жұмсаудың ауылда қаншалықты қиын болғанын бәріміз білеміз, - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде облыстық мәслихат хатшысы. – Осындай қиын жағдайға байланысты көптеген ауылдардан тұрғындар кетіп, елді мекендер қаңырап бос қалады, сондықтан туған ауылынан кетпей, осында қалып, көп жыл бұрын туған жерінде еңбек етіп жүрген жергілікті тұрғындарға, ескі тұрғындарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жақын арада ауылға халық көп жиналатын болады деп сенемін, өйткені қазір сізде көше жарығы, сонымен қатар ең бастысы – газ бар.
Ауылға автотрассадан сапалы жол салынатын, су құбыры пайда болатын күн де алыс емес, облыс әкімі Оңдасын Оразалин өркениеттің барлық игіліктері бірінші кезекте еңбек ететіндер үшін қолжетімді болуы тиіс деп есептеп, ауылдарды газдандыруға, оларды сумен, интернетпен, көшені жарықтандырумен, жолдармен, әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.
Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі