Баспасөз хабарламасы

2405Облыстық мәслихат депутаттары сенаторлармен бірге облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы барысында мәселелерді талқылады.
Отырыс жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев, Бауыржан Қаниев қатысты.
- Мәслихат депутаттарына Қазақстанда қандай реформаларды жүргізу керектігін және ҚР Конституциясына ұсынылатын әрбір өзгерістердің мәнін түсіндірудің қажеті жоқ, - деп атап өтті Мұхтар Жұмағазиев. - Бірақ қазақстандықтарды ерекше толғандыратын сұрақтар бар және оларға нақты және толық жауап беру қажет. Бұл облыстарда және елдің орталығында құрылған қоғамдық штаб мүшелерінің міндеті болып табылады.


Талқылауға ұсынылған өзгерістерді талдау барысында депутаттар қазақ тілінің мәртебесі сияқты маңызды мәселелерді қозғады, отырысқа қатысушылар жер мен оның жер қойнауына қатысты өзгерістер тармағын бірауыздан мақұлдады.
Мәслихаттар депутаттарының келісімімен жергілікті атқарушы органдардың әкімдерін тағайындау туралы мәселе депутаттар арасында үлкен резонанс тудырды. Отырыста көтерілген аралас сайлау жүйесін енгізу мәселесі де қызу талқылауға үлкен серпін болды (пропорционалды-мажоритарлық).
Күн тәртібіне сәйкес отырыста басқа да мәселелер қаралды.


Облыстық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттарға экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүентаева баяндады. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы мәселемен депутаттар алдында энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев сөз сөйледі.
Баяндамашыларға бірқатар мәселелер мен талқылаулардан кейін депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі