11-13 науырыз күндері Ақтөбе обылыстық мәслихатының депутаттары орыс тілінде оқытылатын №3 орта мектепте және №27 орта мектеп-лицейде болып, мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайымен танысты

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес «Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайы туралы» мәселені қарауға дайындау жөнінде жұмыс тобы құрылып және жұмыс жоспары жасалды.
Құрамында тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық білім және тілдерді дамыту басқармаларының, қалалық ғылыми әдістемелік орталығының, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының өкілдері бар Жұмыс тобы жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайымен танысып, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын көрді.