Баспасөз хабарламасы

0099Ұлы Жеңіс үшін тыл еңбеккерлері де орасан зор үлес қосты, біздің жеңісіміз үшін майдан даласындағы сарбаздарымыз ғана емес, сонымен қатар жеңіс үшін егістікте, зауыт цехтарында демалыссыз жұмыс істеген бүкіл ел тұрғындары еңбектенді. Тіпті балалар да жеңіске өз үлестерін қосты, ересектермен бірге соғыстың барлық қиындықтарын өз мойнына алды.
Ақтөбеде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін жеңіспен құттықтау және құрмет көрсету жалғасуда.
Облыс әкімінің атынан Облыстық мәслихат хатшысы тыл еңбеккері Ибадулла Құрмашевті Жеңіс күнімен құттықтады.
1927 жылы Мәртөк ауданының Жаңатаң ауылында дүниеге келген еңбек ардагері, өз құрдастары секілді жетім қалып, 30-шы жылдардағы аштықты толық бастан өткерді, ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде, 14 жастағы Ибадулла ересектермен қатар колхоздың егістіктері мен фермаларында ауыр жұмысқа кірісті.
- Біздің ұрпақ балалық шақтың қуанышы не екенін білмеді, бірақ әрқайсымыз еліміздің болашағы кішкентай болса да, біздің еңбегімізге байланысты екенін білдік, - дейді 95 жастағы тыл еңбеккері.


Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов еңбек ардагерін Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтай отырып, облыс әкімінің, облыстық мәслихат депутаттары мен аппаратының атынан ақсақалға гүл шоқтары мен тәтті сыйлықтар табыс етті.
- Ұлы Отан соғысы майданында жанқиярлықпен шайқасқан тек біздің жауынгерлеріміз ғана емес, сонымен қатар сол кездегі балалар да біздің ортақ жеңісіміз үшін атсалысқанын үнемі есте сақтаған жөн. Оларға құрмет көрсету және ардагерлерді ұмытпау, болашағымызды құрған күш-жігерімізді аямау-біздің парызымыз – деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы
Ересек немере-шөберелері бар қадірлі ақсақалдар үшін қазақы салт-дәстүрлері бойынша мерекелік ақ дастархан жайылып, қонақжайлылықпен төрге шақырды


- Біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз, Тәуелсіз Отанымыздың болашақ ұрпақтары біздің үлесімізге тиген қайғы-қасіретті ешқашан көрмесін, - деп тіледі ақсақал, ұлттық дәстүр бойынша қонақтарға бата бере отырып.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі