9 Мамыр

002Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!

Ақтөбе облысының мәслихаты мен облыстық мәслихат депутаттары Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
1945 жылы ел алғашқы Жеңіс Күнін атап өтті. Таңғы сағат 6-да Левитанның салтанатты дауысы халықты көптен күткен жеңіс пен ұлы мереке туралы елдің барлық дауыс зорайтқыштарынан хабардар етті. Тура сағат 22-00-де бейбіт аспанында мыңдаған қарулар арқылы жүзеге асырған 30 дүркін үлкен отшашу атылды. Міне, 77 жыл бойы біз бұл мерекені көзімізге жас ала отырып, салтанатты түрде атап өтіп, сол қанды соғыста аман қалғандарды құттықтаймыз және ұрыс даласында қаза тапқандарды еске аламыз.


Барлық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шын жүректен жақсылық, амандық, зор денсаулық, ертеңгі күнге деген сарқылмас сенімділік, амандық, және бақыт тілейміз! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз Сіздердің жасаған ерліктеріңізді еске алып, құрметтейді, құрметті ардагерлер! Сіздердің есімдеріңіз біздің жүрегімізде мәңгі сақтаулы. Сіздерге тағзым етеміз!

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы

Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов