7 Мамыр

001Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе облысының мәслихаты мен депутаттық корпус сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
1992 жылғы 7 мамырда еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылатын Қазақстан Президенті Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері, міне, 30 жыл бойы бүкіл Қазақстан Отан қорғаушыларды құрметтеп келеді.
Республикада Қарулы Күштерге ұдайы көңіл бөлінуде және бұл күнгі біздің құттықтауларымыз тек ер азаматтарға ғана емес, сондай-ақ біздің Отанымыздың шептерінде тұрған және біздің еліміздің әскери бөлімшелерінде өз борыштарын абыроймен атқарып жатқан жүздеген сұлу әйелдерімізге де жолданады.


Сіздер-біздің тірегімізсіздер, Қазақстанның бейбіт және жарқын болашағына деген сеніміміз зор. Елімізде әрқашан бұлтсыз, бейбіт аспан болып, жарқыраған күн сәулелерімен жылынсын. Батыл да, ер жүрек жауынгер ретінде ақылды және парасатты қалыптарыңыздан танбай, өз күштеріңізге сенімдеріңіз нығая берсін! Сіздерге зор денсаулық, кез келген жағдайда шыдамдылық және, әрине, отбасылық бақыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы

Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов