Баспасөз хабарламасы

26042022Облыс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын қажет етеді.
Бұл мәселе 27 сәуірде өткен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында көтерілді.
Депутат Әсел Шункееваның төрағалығымен өткен «Ақжол» фракциясының отырысына облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының жұмысы туралы депутаттарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев хабардар етті.


Атқарылған жұмыстар туралы баяндаған ол ана мен баланы қорғау, COVID -19-ға қарсы күрес мәселелері бойынша басым бағыттарды ескере отырып, есепті кезеңде материалдық-техникалық жарақтандыруға 2,6 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
Баяндамашы атап өткендей, таяу болашақтағы негізгі басымдықтар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру болып табылады
- 2022 жылы 8 Денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда: Байғанин, Ойыл, Алға, Мұғалжар аудандарында 4 дәрігерлік амбулатория, Хромтауда 2 медициналық пункт және Әйтеке би ауданында 1 медициналық пункт салу және жалпы сомасы 1015.6 миллион теңгеге Қобда аудандағы дәрігерлік амбулаторияға қосымша құрылыс салу жоспарлануда.


Сондай-ақ, ГЧП бойынша ана мен баланы қорғау орталығының стационарына 100 төсектік қосымша корпус салу жоспарлануда. Инвестициялар - 3711,6 миллион теңгені құрайды. 2022 жылы 8 Денсаулық сақтау ұйымына жалпы сомасы 567,7 миллион теңгеге күрделі жөндеу жоспарланған, - деп хабарлады Рүстем Исаев.
Сонымен қатар, ол Ақтөбе облысы үшін заманауи санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жаңа типтік дербес жұқпалы аурулар ауруханасын салу қажеттілігі туындағанын атап өтті.
- Біз Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Жаңақоныс елді мекенінде салынып бітпеген туберкулезге қарсы диспансер базасында жұқпалы аурулар ауруханасын салуға сұраныс жолдадық, ұсыныс қарау сатысында, - деп толықтырды ол.
Барлық сұрақтарды талқылап, баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы шығарды.
Отырыстың жұмысын қорытындылай келе Амангелді Нугманов депутаттық корпустың қызметі партияның аймақтық сайлауалды уәделерін жүзеге асыруға бағытталатынын атап өтті.
- Бұл «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген барлық жобалардың жүзеге асырылуын депутаттардың тұрақты бақылауында болады, - деді облыстық мәслихат хатшысы.


Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі