Ақтөбе облыстық мәслихаты

5656Үздіктердің үздігі

2021-2022 жылдары облыстық мәслихаттардың бірінші Үздік хатшыларының қатарына Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов енді.
Жақында «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газеті әр түрлі деңгейдегі мәслихат хатшылары мен депутаттарының арасында жыл сайынғы рейтингті жаңартты
Беделді басылымның пікірінше, бұл рейтингте Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы көш бастап тұр.
Бірнеше жылдар бойы «Біздің депутат» республикалық газеті жыл сайын облыстық мәслихаттардың 229 хатшысының және облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарының жұмысына мониторинг жүргізіп келеді. Бұл ретте, «мәслихаттың үздік хатшысы», «мәслихаттың үздік депутаты» атағына кандидатураларды іріктеу кезінде жұмыстағы үздік менеджмент, әлеуметтік желілерге белсенді қатысу және қоғамға ашықтық сияқты өлшемшарттар ескеріледі.


2021-2022 жылдар кезеңінде барлығы 229 үміткердің ішінен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың 16 хатшысы үздік деп танылды. Рейтингті Алматы және Ақтөбе облыстарының өкілді органдарының басшылары басқарды.
- Бұл облыстық мәслихаттың хатшысы ретінде ғана емес, бүкіл депутаттық корпустың еңбегі, Біздің депутаттар өз өкілеттіктерін атқару кезінде үлкен жұмыс атқарды. Депутаттардың сессиялық қызметі туралы айта отырып, Өткен жылы біз облыстық мәслихаттың сессияларында өңір үшін аса маңызды 110 шешім қабылдағанымызды және бекіткенімізді атап өткен жөн. Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық жерлерде үлкен жұмыс атқаруда. 2021 жылы депутаттық корпус Қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып, аудан және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысты. «Аманат» партиясының облыстық филиалымен бірлескен жұмыс жүргізілді, оның депутаттық фракциясының мүшелері комиссияларда түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеді. Депутаттар, «Аманат», «Ақжол», «Ауыл» партиялары фракцияларының мүшелері облыстың аудандары мен ауылдарында үлкен жұмыс атқарды.


Облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері 29 кеңес пен комиссияның құрамына кірді. Облыс әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсенді қатысты.
Депутаттар мен қоғамдық кеңестің мүшелері Комиссияның басқа мүшелерімен тең дауысқа ие бола отырып, қажет болған жағдайда өз пікірлерін білдіреді, шешу жолдарын ұсынады, өз көзқарасын қорғайды. Белсенді депутаттық жұмыс осы жылы да жалғасуда. Алда көптеген істер күтіп тұр және облыстық мәслихат біздің Президентіміздің барлық тапсырмаларын іске асыруға жан-жақты ықпал етіп, партиямыздың барлық сайлауалды уәделерінің орындалуын бақылауда ұстайтын болады - деп атап өтті Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі