Баспасөз хабарламасы

1503Облыстық мәслихат хатшысы "Көрісу күні" мерекесімен құттықтап, ағартушылықтың танымал қызметкері, білім беру ісінің еңбек ардагері, Ниетжан Беріковке сыйлықтар табыс етті.
Ардагерге,КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Ақтөбе облысы мен Байғанин ауданының Құрметті азаматына, ағарту ісіне адал еңбегімен қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, Амангелді Нугманов облыс әкімі, облыстың депутаттық корпусы атынан 95 жастағы ақсақалды мерекемен шын жүректен құттықтап, күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының себетін, сыйлықтарын табыс етті.
Ардагердің зайыбы, Жәмиле әжейге, облыстық мәслихат хатшысы облыс басшылығы атынан иығына жылы, қардай аппақ, мамық орамал сыйлады.


- Мемлекет басшысы өзінің "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыту қажеттілігін атап өтті және осыған байланысты біздің ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді жаңғырту өте маңызды. Осындай құрметті ақсақалдар, бүкіл өмірін Отанға қызмет етуге арнаған еңбек ардагерлері біздің ұлттық мақтанышымыз және сіздердің өнегелеріңіз, өмір жолыңыз жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс деп сенемін, - деп құттықтап атап өтті облыстық мәслихат хатшысы.
Айта кетейік, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылының тумасы Ниетжан Беріков 5 жасында жетім қалып, еңбек жолын "Ақжар" колхозында есепші қызметінен бастаған. Әр жылдары ардагер түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, қаламыздың жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істеді. Қазір ардагер Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді, ағарту саласында ғылыми еңбектері бар. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" ордендерінің иегері 11 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте грамотасымен марапатталған. КСРО және Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
95 жастағы ақсақал қонақтарға құттықтаулары үшін жылы лебізін білдіріп, облыс басшылығы мен өңір тұрғындарына бата берді.
- Облыс басшылығы мен ақтөбеліктер өңіріміздің және бүкіл еліміздің өсіп - өркендеуі жолында аянбай еңбек етуде, бұл жетістіктер баршаға мәлім, - деп атап өтті ақсақал. - Біздің жеріміз бен еліміз өркендеп, табыстарға жете берсін.

Ақтөбе облысы мәслихатының
баспасөз қызметі