Депутаттар облыс бюджетіне 28,3 миллиард теңге сомасында нақтылауды қарады.
Осы және басқа да мәселелерді облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы барысында талқылады.
Отырыс жұмысына тұрақты комиссиялардың төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Депутаттарды облыс бюджетіне ұсынылатын нақтылаулар туралы хабардар ете отырып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Суентаева бюджетті қайта қарау аясында 28,3 млрд теңге бөлу ұсынылғанын хабарлады.
Осы соманың 2,3 млрд. теңгесін Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 22 жобаны бірлесіп қаржыландыруға, Ақтөбенің инженерлік-коммуникациялық инфра құрылымын дамыту мен орналастыруға, Шилісай тұрғын алабында 600 орындық және Шалқар ауданының Қарашорқат станциясында 120 орындық 2 мектептің құрылысын аяқтауға бөлу ұсынылады.
Сондай-ақ, жол инфрақұрылымын салуға (ауылішілік жолдарды жөндеу, салу және басқалары), білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға және жөндеуге, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға, бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға, этно-мәдени бірлестіктердің 25 іс-шарасын өткізуге, жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыруға қаржы бөлу қажет.
Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі