8 Наурыз

8martДепутаттар нәзік жанды әріптестерін 8 наурыз көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, хош иісті сыйлықтар табыс етті.
облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен депутаттық корпустың нәзік әйелдер қауымын шын жүректен құттықтады.

-Әйелдер әр ер адамның және бүкіл елдің өмірінде өте маңызды және жетекші рөл атқарады, ал сіз, әйел депутаттар, халықтың мүддесін білдіру үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алып, үлкен ауыртпалықты көтеріп және оны өте жақсы орындап келесіз, - деп атап өтті әріптестерін шын жүректен құттықтаған облыстық мәслихат хатшысы. - Облыстық мәслихат аппаратының атынан шын жүректен сіздерді осы көктемнің шырайлымерекесімен құттықтаймын және Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Депутаттар мен облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері өз кезегінде нәзік жанды депутаттарды, мәслихат аппаратында еңбек ететін әріптестерін жылы құттықтады. Салтанатты шараның барлық қатысушыларына гүл шоқтары мен элиталық парфюмерия сатып алуға сертификаттар табыс етілді.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі