Баспасөз хабарламасы

280222Облыстық мәслихат депутаттары дәрі-дәрмектің бағасын, медициналық қызметтің сапасын талқылады.
Бұл мәселелер "Ақжол" партиясының депутаты Әсел Шункееваның төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Әлия Латыпова депутаттарға хабарлағандай, 2021 жылы департаментке ақтөбеліктерден 133 өтініш келіп түскен

- Олардың 83-і қаралып, 48-і бойынша тексеру жүргізілді, - деп түсіндірді департамент басшысы.
Өтініштердің негізгі бөлігі (48 жағдай) стационарлық және амбулаториялық-емханалық деңгейде сапасыз медициналық көмек көрсетуге қатысты. Сонымен қатар, өткен жылы 17 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Әлия Латыпова аудан орталығынан облыс бойынша шалғай елді мекендерде дәрілік заттардың қолжетімділігі 21,2 пайыздан аспайтынын айтты. Қазір облыста дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын 558 объект жұмыс істейді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев Ақтөбеде жаңа медициналық мекемелер ашылып, заманауи облыстық перинаталдық орталық ашылғанын баяндады.
- Облыста 11 жылжымалы медициналық пункт, оның ішінде 6 заманауи жылжымалы автостанция жұмыс істейді, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Облыста барлығы 2729 төсектік 19 аурухана дайындалды. Тәуліктік қуаттылығы 8200 зерттеу болатын ПТР зертханаларының саны 14-ке жетті. Амбулаториялық деңгейде 39 медициналық мекемеде 201 мобильді топ құрылды. Бұдан басқа, 2021 жылы амбулаториялық-емханалық деңгейде 106 нозология бойынша 5,4 млрд теңге сомасына 181 047 пациент дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілді. Барлық медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры бар - деп айтып өтті Рүстем Исаев.
Барлық мәселелерді талқылай отырып, депутаттар баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойды, партияның сайлауалды өңірлік бағдарламасында қойылған міндеттерді уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті және тиісті қаулы қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі