Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлуге жоспарланған 19 миллиардтан астам теңге әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталады.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а.Адайбек Есенаманов хабарлады
Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен облыстық мәслихат депутаттарының алдында бағдарлама әкімшілері сөз сөйлеп, қаржы қаражатын нақты қандай мақсаттарға бағыттау ұсынылатынын түсіндірді.
Айбек Есенаманов хабарлағандай, болжам бойынша наурыз айының соңында облысымыздың жұмыспен қамту жол картасы аясында 19 миллиард теңге бөлу көзделген.
- Осы бағдарлама аясында биыл тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Осылайша, бізде Жұмыспен қамтудың Жол картасына енбеген инфрақұрылымдық жобаларды қосымша іске асыру мүмкіндігі пайда болады- деді ол.
Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі