Баспасөз хабарламасы

22022022Депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасын қарады.
Комиссия төрағасы Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар облыстық мәслихаттың "2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады. Шығыстар бойынша ақпаратты Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов ұсынды.


Депутаттарға жалпы сомасы 27,1 миллиард теңге болатын бюджетті нақтылауды қарау ұсынылды. Мәселен, өткен жылы басталған 28 инвестициялық жобаны аяқтауға шығыстардың жалпы санынан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу ұсынылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 5 миллиардқа жуық қаражат бөлу қажет. Нысандарды салуға және қайта құруға миллиардқа жуық теңге бөлу ұсынылды. Облыс аудандарының елді мекендерін газбен жабдықтауды аяқтау үшін 1,3 миллиард қажет. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан шамамен 3,6 миллиард сұрайды.


- Бұл сома білім беру нысандарының құрылысын аяқтау үшін қажет: Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы 300 орындық ОМ, Қандыағаш қаласының "Самал" ықшам ауданындағы 600 орындық ОМ, Байғанин ауданының Оймауыт ауылындағы 150 орындық мектеп-балабақша және басқалар, - деп атап өтті баяндамашы. – Сондай-ақ осы сомадан Спорт, Тұрғын үй құрылысы, электрмен жабдықтау, Денсаулық сақтау салаларына қаражат бөлінетін болады.
Ұсынылған нақтылауды талқылай отырып, депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойды және депутаттар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, шешімнің жобасын алдағы облыстық мәслихат сессиясына пысықтауға ұсыныс енгізді.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі