Баспасөз хабарламасы

21022022Ақтөбеліктер облыстық мәслихат хатшысының қабылдауында Газдандыру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелерін көтерді.
16 ақпан күні Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді. Қабылдауға жазылған ақтөбеліктер түрлі сұрақтар қойды. Мәселен, Мәртөк ауылының тұрғыны Қиылбай Қаламғазин оның өнертабысының сериялық шығарылуын (дала дақылдарын арамшөптерге, зиянкестерге қарсы өңдеуге және дақылдарды азықтандыруға арналған ультра шағын көлемді бүріккіш) өткізуге және ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрады.


Келушіні мұқият тыңдап, өнертабыстың экономиканың ауыл шаруашылығы секторы үшін маңыздылығын атап өткен облыстық мәслихат хатшысы облыстық мәслихаттың тиісті құрылымдарға сұрау салатынын айтты.
- Сіздің ұсынысыңыз туралы барлық құжаттар мен ақпаратты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына, әкімнің Ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарына облыстың барлық шаруа қожалықтарына сіздің ұсынысыңызды жібереміз.Біздің фермерлердің арасында сіздің ұсынысыңызға қызығушылық танытатындар аз емес екеніне сенімдімін - деп мәслихат хатшысы шешімнің бір нұсқасын ұсынды.
Қабылдауға жазылған журналист Серік Әбдіжами Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округінің Қарлау ауылы тұрғындарының елді мекенді газдандыру туралы өтінішін жеткізді.
- Ауылдық жерлерде газдандыру, сумен жабдықтау, байланыс мәселелері Нұр Отан партиясының сайлауалды өңірлік бағдарламасына кіреді және бірінші дәрежелі болып табылады, олар өңір басшысының бақылауында. Облыстық мәслихат депутаттары отырыстар мен сессияларда бюджетті бөлу мәселелерін қарай отырып, осы мәселеге жәрдемдеседі. Қарлау ауылын газдандыру жоспарына енгізілгеніне және осы елді мекеннің тұрғындары газсыз қалмайтынына сенімдімін-деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы.
"Береке-Даму" әлеуметтік-экономикалық даму Қоры ҚҚ директоры Алма Қанатбаева облыстық мәслихат депутаттарына кәсіпорындарда қызметкерлер қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алатын кабинеттер құру жөніндегі әлеуметтік жобаны қолдау туралы ұсыныс жасады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі