Баспасөз хабарламасы

6sessionОблыстық мәслихат депутаттары қаланың кейбір бөліктерін қайта атау, қаланың әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялау, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы мамандарының лауазымдық жалақыларын арттыру мәселелерін қарап, талқылады.
Бұл мәселелер 2021 жылдың 9 желтоқсанында облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясының ашылуында күн тәртібіне енгізілді. 2021 жылғы 24 Желтоқсанда сессия жұмысы он бес күндік үзілістен кейін жалғастырылды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалығымен өткен отырысқа облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе қаласының әкімі, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Басты мәселелердің бірі қаланың әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарын субсидиялау мәселесі болды.
Депутаттарға қалада 3 жеке меншік - "Автопарк" ЖШС (369 автобус), "QalaTrans" ЖШС (32 автобус, ағымдағы жылдың соңына дейін автобустар саны 150-ге артады) және 1 коммуналдық "Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны" ЖШС (196 автобус) жұмыс істейтінін баяндап, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров бұл кәсіпорындармен 53 автобус маршруты ұйымдастырылғанын, оның ішінде 38 қала бойынша, 15 қала маңындағы тұрғын үй алаптары бойынша ұйымдастырылғанын хабарлады.
- Бүгінде қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген 80 теңгені құрайды, олар тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, ал келтірілген шығындарды субсидиялау ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жүргізіледі, - деп түсіндірді Асхат Шахаров. - Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалы саласы жүйелі проблемаларды шешуді қажет етеді, олардың себептері отынға, ЖЖМ-ге, қосалқы бөлшектерге бөлшек сауда бағасының қымбаттауынан туындаған тасымалдардың шығындылығы болып табылады.

Бүл мәселені талқылау барысында депутаттар баяндамашыға сұрақтар қойды. Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов депутаттардың басты міндеті "Nur Otan" партиясының сайлауалды уәделерін іске асыруға мониторинг жүргізу және бақылау екенін атап өтіп, азаматтар үшін қажетті жағдай жасау, оның ішінде оларды қолжетімді, жайлы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету партияның сайлауалды бағдарламасына енген міндеттердің қатарына кіретінін атап өтті.
- Автобустар қозғалысын тоқтатқандықтан, ақтөбеліктер кешкі сағат 18-19 - дан кейін үйлеріне жете алмайтындығына шағымданады- деді Амангелді Нугманов. - Субсидиялау бойынша шешім қабылдамас бұрын, барлық кемшіліктерді шешіп, автобустар бағыттар бойынша үздіксіз және халық тарапынан ескертусіз жүретініне берік кепілдік беру қажет.

Депутаттарға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай, депутат Евгений Лазарчук хабарлағанындай, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары туралы мәселені талқылау барысында қаңғыбас жануарларды жою туралы шешім қабылдайтын комиссияны қандай орган бекітеді және оның құрамына еріктілер кіре ме деген мәселені көтерді.
- Уақытша ұстау изоляторында қаңғыбас жануарларды ұстауды қаржыландырумен кім айналысады? - "NurOtan" партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Лазарчук сұрақ қойды. Ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай барлық сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар, сессияда депутаттар Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселелерді қарады. Бұл туралы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Ысқақов мәлімдеді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Суентаева азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы мәселені ұсынды.
Депутаттар барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады, осымен облыстық мәслихаттың алтыншы сессиясының жұмысы аяқталды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі