Баспасөз хабарламасы

1612Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде, 15 желтоқсанда, Байғанин ауданының тумалары, облыстық мәслихат депутаты, "Bazis Group KZ" ЖШС құрылтайшысы Естай Сисенбаев пен Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова аудан орталығындағы өздері оқыған мектептердің 11 сынып оқушылары арасында математикадан олимпиада ұйымдастырды.
Қос депутат "Нұр Отан" партиясының мүшелері , екеуі де Германияда кәсіпкерлік саласында арнайы білім алған (DMAN, InWEnt бағдарламалары).
Олимпиадаға аудандағы барлық мектептердің озат оқушылары қатысты.


Естай қарапайым слесарь қызметтен бастап, қазір республикаға танымал майталман кәсіпкер, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

Анар Даржанова 7 сыныптан кейін Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне түсіп, кейін Мәскеуде жоғары білім алған.
АҚШ, Израиль елдерінде оқып, кәсіпкерлік саласында тәжірибе жинақтаған, бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында білікті эксперт.

"Мұндай шаралар балалардың логикалық ойлау қабілетін шыңдай түседі, ал жарыс пен бәсекелестік алға қарай жетелейді, бұл жастарға берілген мүмкіндік" дейді "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ақтөбе облысының жыл адамы (2019) Анар Даржанова.

Олимпиада жеңімпаздары 17 желтоқсанда дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі