Құрметті әріптестер, достар!

n1decБаршаларыңызды 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Ел тәуелсіздігі үшін бұл маңызды межелердің бірі. Осыдан тура 30 жыл бұрын қазақстандықтар бүкілхалықтық сайлау арқылы өзінің президентіне дауыс беріп, нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы президентіміз атанды.
Елбасымыздың бастамасымен ел ішінде саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асып, кемеңгерлік саясаты арқасында Қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды.
Тұңғыш Президентіміз үшін де бұл мерекенің мәнісі ерекше. Сол кезеңде мемлекет басшысы ретіндегі ,Шекарамыздың шегенделуі, әлемдік аренада беделінің зор болуы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, төл теңгеміздің – валюта қорын құру және тағы басқа батыл бастамалар елдің мәңгі есінде.
Ендігі міндетіміз, әрі алар асуларымыз одан да көп. Сабақтастық қағидатымен сындарлы саясат арқасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Елбасы ісін жалғастырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан орын алуға ұмтылып келеміз. Бұл белестің де асулардың да бағындырылатыны сөзсіз. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Қазақстан 2050» стратегиясы және өзге де маңызды бағдарламалар өз септігін тигізбек.
Баршаларыңызды мәнісі зор мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, зор денсаулық, кәсіби табыс, ұзақ ғұмыр, берекелі келешек, ел ішіне татулық тілеймін!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Құрметпен, Амангелді Нұғманов, Ақтобе облысы Маслихатының хатшысы