Баспасөз хабарламасы

2611Алты облыстық басқарма басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын ұсынды.

Алдағы үш жылға арналған шығындар туралы баяндамалар облыстық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы мен жұмыс тобының бірлескен кеңейтілген отырысында айтылды.
Мәселен, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Азамат Құдайбергенов атап айтқандай, 2022 жылға жергілікті деңгейде индустриялық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге жалпы сомасы 110 567,8 мың теңге қаражат қажет екенін атап өтіп, 2022-2024 жылдарға арналған жалпы бюджет 567,2 млн. теңгені құрайтынын хабарлады.


Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Кенжин депутаттарға келесі үш жылға 860 916,0 мың теңге сомасындағы бюджет Шыгындарының жобасын ұсынды.
- Биыл тексеру комиссиясымен 12 аудиторлық тексеру жүргізілді, 12,6 миллиард теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2,1 миллиард теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға тиесілі, - деді ол комиссияның қызметі туралы баяндап.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Әділ Қайырмеков депутаттарға басқарма Шығындарының жалпы сомасы алдағы үш жылға 303,9 миллион теңгені құрайтынын хабарлады.
Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобаларын таныстырды.
Баяндамашыларға сөз сөйлеп, бірқатар сұрақтар қойып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.
Одан әрі отырыста депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау, Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасы туралы мәселелерді қарады.
Сондай-ақ, депутаттар облыстық мәслихаттың Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселені қарады.

Отырыс соңында облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Сұлупан Шынтасова әріптестеріне комиссияның биылғы жылы атқарған жұмысы туралы айтып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі