Баспасөз хабарламасы

2311Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары Өңірлік даму мәселелерін талқылады, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының хатшыларымен, сондай-ақ жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және "Өңір" депутаттық тобының мүшелерімен кездесу барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды.


- Мәслихаттардың Мемлекет басшысының барлық бағдарламалары мен бастамаларын іске асыруға белсенді қатысуы маңызды, - деп атап өтті отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев ел Президентінің Жолдауда аумақтық дамуға қатысты алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып, қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету, елдің "ішкі байланысын" күшейту, өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу және т.б. маңызды міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Сенат спикері мәслихаттардың міндеттерінің бірі бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылатынын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Өңірлік даму мәселелерін қозғап, жергілікті өкілді және атқарушы биліктің дербестігін арттыру, өкілеттіктерді орталық деңгейден жергілікті деңгейге беру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды нығайту мәселелерін талқылады.

- Кездесуде барынша жеделдетілген шешімді күтетін көптеген маңызды мәселелер көтерілді, - деп Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нугманов кездесу қорытындысымен бөлісті. - Атап айтқанда, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету, экология мәселелері. Бұл мәселелер, партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы белгіленген жобаларына енген басқа да мәселелер мәслихаттың және депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады, атқарушы органдармен бірлескен күш-жігермен оларды шешу үшін белсенді жұмыс істейтін болады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі