Баспасөз хабарламасы

1711-3Депутаттар облыстық цифрлық технологиялар, энергетика және ТКШ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының бюджет шығындарының жобаларын қарады.
Бюджеттік өтінімдердің жобаларын осы басқармалардың басшылары құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы барысында ұсынды.


Мәселен, 2022-2024 жылдарға цифрлық технологиялар басқармасына 666 132 000 теңге, энергетика және ТКШ басқармасына – 12,4 миллиард теңге, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы таяудағы үш жылға 239 885 000 теңге сомасында, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы-жалпы сомасы 18 144 652 000 теңге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы - 1 645 353 000 теңге бюджеттік өтінім жобасын ұсынды.
Баяндамашылардың сөздерін талқылап, бірқатар сұрақтар қоя отырып, депутаттар бюджеттік өтінімдердің жобаларын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын және мәслихат депутаттары қабылдаған міндеттемелерді ескере отырып ұсыну қажеттігін, содан кейін тиісті қаулы шығарылғанын атап өтті.
Депутаттар алдында тұрақты комиссияның төрағасы Сергей Вишняк жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарларын мәлімдеді.
Сонымен биыл 10 отырыс өткізіліп, 33 мәселе қаралды. Тұрақты комиссия келесі жылы облыстың елді мекендерін ауыз сумен, газбен, жарықпен қамтамасыз ету, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында автомобиль жолдарын, суағарлар мен нөсер кәріздерін жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі мәселелерді бақылауда ұстауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері ТКШ секторының жай-күйіне және көп пәтерлі үйлерді күтіп-ұстауға мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.
Отырыста депутаттар облыстық мәслихаттың "жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу мәселелерін қарады .

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі