Баспасөз хабарламасы

0311-3Депутаттарға алдағы үш жылда болатын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының шығындары туралы баяндалды.
Осы басқармалардың басшылары 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың аграрлық экология мәселелері және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында ұсынды.


Мысалы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шығыстарына Ағымдағы 3 бюджеттік бағдарлама бойынша 2 миллиард 469 миллион 343 мың теңге бөлу көзделген. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқармаға 2022 жылы жергілікті деңгейде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді іске асыру үшін 129 миллион 438 мың теңге қажет. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 43 миллиард 387 миллион 139 мың теңге көлемінде 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобасын ұсынды.
Баяндамашылардың сөздерін талқылап, бірқатар сұрақтар қоя отырып, депутаттар бюджеттік өтінімдердің жобаларын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын және мәслихат депутаттары қабылдаған міндеттемелерді ескере отырып ұсыну қажеттігін, содан кейін тиісті қаулы шығарылғанын атап өтті.
Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Гүлжанат Ерғазина да депутаттарға жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Атап айтқанда, ол комиссия жыл басынан бері 8 отырыс өткізіп, онда 17 мәселе қаралғанын хабарлады.
- Комиссияларда қаралған мәселелердің жетеуі облыстық мәслихат сессиясының қарауына шығарылды, - деп толықтырды Гүлжан Ерғазина. – Біз басқа депутаттармен бірлесіп, етті мал шаруашылығын дамыту, ет экспорты, жайылымдық және шабындық алқаптарды цифрландыру, жайылымдарды инфрақұрылымдық дамыту, мемлекеттік қолдау, инвестициялық жобалар сияқты маңызды мәселелерді талқыладық.
Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының алдағы жылға арналған жоспарларын таныстыра отырып, Гүлжан Ерғазина жергілікті атқарушы органдардың мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмысы туралы мәселені бақылауға алу жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ, атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту, Ветеринариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру және басқа да мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстардың жағдайына мұқият мониторинг жүргізу көзделіп отыр.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі