Баспасөз хабарламасы

0311-2Облыстық мәслихат депутаттары депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында тоғыз облыстық басқарманың бюджет шығыстарына қатысты мәселелерді тыңдады.
Облыстық денсаулық сақтау, білім беру, еңбек инспекциясы, тілдерді дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дін істері, тілдерді дамыту, ішкі саясат, мәдениет, архивтер мен құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобаларын ұсынды.


Атап айтқанда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ағымдағы 13бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарға 14 миллиард 587 миллион 737 мың теңге қарастырылғанын баяндады.
Білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан баяндағандай, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындары 301 миллиард 371 миллион 456 мың теңгені құрайды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ағымдағы 5бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарына 8 миллиард 263 миллион 910 мың теңге бөлу қажет. Облыстық дін басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтінімінің жалпы сомасы 535 миллион 509 мың теңгені құрайды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының шығындарына 5 Ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша 23 миллиард 929 миллион 661 мың теңге бөлу көзделген. Мәдениет басқармасының шығындарына 8 Ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша 6 миллиард 390 миллион 548 мың теңге бөлу қарастырылған. Тілдерді дамыту басқармасы 2022-2024 жылдарға арналған 4 бюджеттік бағдарлама бойынша 334 миллион 536 мың теңге сомасында бюджеттік өтінім берді. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың 2022-2024 жылдарға арналған жалпы бюджеттік өтінімі 336 миллион 969 мың теңгені құрады.
Отырыс соңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен депутаттарды осы комиссияның төрағасы Амангелді Есіркепов таныстырды.
Баяндамашыларды тыңдағаннан кейін депутаттар оларға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар шығарды.

Ақтөбе облысы мәслихатының баспасөз қызметі