Баспасөз хабарламасы

0111-1Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугмановтың төрағалық етуімен тұрақты комиссиялардың төрағалары мен облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында тұрақты комиссиялардың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың ағымдағы жылғы есептері мен 2022 жылға арналған жоспарлары талқыланды.
Облыстық мәслихат хатшысы депутаттарға биылғы жылдың ағымдағы кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жаңа, 7-ші шақырылымдағы депутаттар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларында қаралған өзекті мәселелерді талқылауда үлкен белсенділік танытқанын атап өтті.


Кеңес жұмысын аяқтай келе, төрағалық етуші депутаттарға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.
- Депутаттық корпустың маңызды міндеттерінің бірі "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау, өңірдегі экономикалық, әлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізу болып табылады және бұл жұмысты облыс мәслихаты келесі жылы да жалғастыратын болады, - деп атап өтті Амангелді Нугманов.