Баспасөз хабарламасы

2510-revkomОблыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы ұжымға Облыстың тексеру комиссиясының жаңа төрағасын таныстырды.
Жаңа тағайындауға дейін Нұрсұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болған Қанат Кенжин сайланды.
Бұдан бұрын облыстық мәслихаттың атына Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Энтағалиұлы Кенжинді тағайындауға, сондай-ақ осы кандидатураны тағайындауға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келісу ұсынысы келіп түсті.


Осыған байланысты облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында оның Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне кандидатурасын облыстық мәслихаттың қарауына енгізді.
облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов ұжымға Ақтөбе облыстық Тексеру комиссиясының жаңа басшысын таныстырды.
Облыстық Тексеру комиссиясының мүшелерін жаңа төрағаның өмірбаянымен таныстыра отырып, облыс әкімі жаңа тағайындалуымен құттықтап, жаңа салада табыс тіледі. Тексеру комиссиясының мүшелері мен қатысушылар өз әріптесін жаңа тағайындалуымен құттықтады.
Анықтама:
Кенжин Қанат Энтагалиевич, 1977 жылы туылған. 1999 жылы біліктілігі бойынша мемлекеттік қазақ Көлік және коммуникация академиясын, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы "Шығыс-Сервис ЛТД" ЖШС бақылаушысы болып бастаған. Ақтөбе облысы бойынша облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланғанға дейін Нұр-сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі