Баспасөз хабарламасы

2510-izbirkomОблысымызда -Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы.
Бұрын "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Нұрлыбек Жүсіпов сайланды.
Бұған дейін, облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында оның кандидатурасын депутаттар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде мақұлдаған болатын. Облыстық Орталық сайлау комитеті отырысында әріптестер бірауыздан Нұрлыбек Жүсіповты облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы етіп сайлады.


Облыстық сайлау комиссиясының жаңа басшысын ұжымға облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұлов және облыстық мәслихат аппаратының басшысы Тимур Айтқалиев таныстырды.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшелеріне жаңа төрағаны таныстырған Амангелді Нугманов бұл кандидаттың облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында бос орынға сайланғанын тағы да атап өтіп, кандидаттың өмірбаянымен таныстырды.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 7 мүшеден тұрады. Жаңа төрағаны жаңа әріптестер мен барлық қатысушылар жаңа лауазымға сайлануымен құттықтады.

Анықтама:
Жүсіпов Нұрлыбек Мерханұлы, 1965 жылы туған, білімі жоғары, аудандық және облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментінде, сондай-ақ партия органдарында басшылық лауазымдарда көптеген жыл жұмыс өтілі бар. 2019 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың тамыз айына дейін «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі