Баспасөз хабарламасы

01052021Облыстық мәслихат депутаттары облыста салық саясатын жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Облыстық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы салық саясатын іске асыру, түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету және 2020 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша қосымша резервтерді іздестіру және 2021 жылға арналған міндеттер туралы баяндады.
Жергілікті бюджетке 123,7 миллиард теңге түсті.
Жоспардан тыс 23,8 миллиард теңге түсті. Осылайша, облыстық бюджет 142 пайызға орындалды (жоспардан тыс түскені 13,0 млрд теңге), қалалық бюджет 118 пайызға орындалды (жоспардан тыс түскені 7,2 миллиард теңге), аудандық бюджет 112 пайызға орындалды (жоспардан тыс түскені 3,6 миллиард теңге), ауылдық округтердің бюджеті 125 пайызға орындалды (жоспардан тыс түскені 0,2 миллиард теңге).
2020 жылы мемлекеттік бюджетке 40,5 млрд теңге сомасында түсімдер қосымша қамтамасыз етілді, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар, сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі іс-шаралар есебінен жергілікті бюджетке 4,5 млрд теңгеге түсімдер қамтамасыз етілді.
Салық түсімдері, соның ішінде еңбек нарығына қатысушылардың кірістерін заңдастыру бойынша департамент жүргізетін жұмыс есебінен қамтамасыз етілді.
2020 жыл ішінде департамент "Азаматтарға арналған үкімет "МК КЕАҚ тіркелмеген заңды тұлғалардан және ЖК-ден мүлік салығын төлемейтін 625 кәсіпкерлік қызмет объектісін дербес анықтады. Жүргізілген камералдық бақылау және қаржылық тұрақтылықты талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуға 226 қатысушы бюджетке 272,8 млн теңге төледі.
Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыстық бюджетке 16,3 млрд теңге, қалалық бюджетке - 19,9 млрд теңге, аудандық бюджетке - 11,7 млрд теңге түсті, ауылдық округтердің бюджеті - 0,4 млрд тг. 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,4 млрд теңге сомасында түсімдер қосымша қамтамасыз етілді, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша жүргізілетін іс-шаралар, сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі іс-шаралар есебінен жергілікті бюджет 1,2 млрд теңге қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, салық салынатын базаны кеңейту және қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 1,2 млрд теңге түсті. Қазіргі уақытта экологиялық заңнаманы бұзу бойынша тексерулер жүргізілуде, онда 2,7 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Темекі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы саласында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Солайша, 1 745 литр немесе 3 490 бөтелке алкоголь өнімінің, оның ішінде 2 940 сыра мен 450 бөтелке арақтың заңсыз айналымы (лицензиясыз) анықталды. Салық төлеуші 75,1 мың теңге сомасына алкоголь өнімін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті бюджетті қамтамасыз ету үшін резервтер бар, бірақ оларды шешудің тетіктері жеткіліксіз, депутаттар бастамашылық еткен ұсыныстар заңнамалық деңгейде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Облыста 3 815 жеке тұлғадан 189 млн теңге сомаға көлік салығы бойынша берешекті өндіріп алу проблемасы бар.
Мәселе мынада, олардың атында іс жүзінде оларға тиесілі емес, жойылған немесе көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникалары 3 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай келген мүлік бар.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік органдарда тіркеу есебінен шығару бойынша рақымшылық жүргізу және олар бойынша салық берешегін есептен шығаруды жүргізу, сондай-ақ салықтарды есептеуді жүргізбеу ұсынылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған сервистер жинақталған "e-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын іске қосты
Бұл жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) беру, Банк бөлімшелеріне бармай және комиссия алмай салықтарды төлеуді жүргізу, салық берешегін тексеру, артық төленген салық сомаларын есепке жатқызуды жүргізу, мүлікке, жерге және көлікке салықтарды тексеру және есептеу, салық салу объектілерін (жылжымайтын мүлік және көлік) қарау, жылжымайтын мүлік және көлік туралы мәліметтерді түзетуге өтінім жіберу, жұмыс берушілердің жалақыны, ұсталған табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер секілді бөлімдер.
Депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі