Баспасөз хабарламасы

25052021 kazАграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысында депутаттар азық-түлік қауіпсіздігі және эпизоотиялық қызмет мәселелерін талқылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармаларының басшылары Құсайын Сәрсембай мен Нұрхан Тілеумұратов тұрақты комиссия мен қоғамдық кеңес мүшелеріне Азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік белдеуін қалыптастыруға тартылған кәсіпорындардың қызметі туралы айтып берді.
- Қазіргі уақытта облыста азық-түлік өнімдерінің 32 негізгі түрінің 24-і жеке өндіріспен қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті Құсайын Сәрсембай. - Бүгінде халық өз өндірісі есебінен ет және ет өнімдерімен, 1-сұрыпты ұнмен, нан-тоқаш өнімдерімен және күнбағыс майымен толық қамтамасыз етілген.
Қалған 8 түрі (қарақұмық, күріш, қант, тұз, сарымсақ, бұрыш, алма, балық) басқа аймақтардан және ішінара импорт есебінен жеткізіледі.

 

Нұрхан Тілеумұратов қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық 19 атауының бағасы ел бойынша орташадан төмен, ал олардың 4-еуі (1-сұрыпты бидай ұны, картоп, пияз және тұз) елдегі ең төмен азық-түліктердің бірі болып табылатынын қоса айтты.
Бүгінде шикізат, коммуналдық қызметтер мен жүк тарифтерінің артуына байланысты Қазақстанның барлық өңірлерінде азық-түлік бағасы өсіп келеді.
Бағаның ең жоғары өсуі импортқа тәуелді қант пен қарақұмық сияқты тауарларға, сондай-ақ күнбағыс майы мен тауық жұмыртқасы сияқты экспортқа бағытталған кейбір тауарларға әскер еткендігі байқалады.
Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы И.О.Базаров пен Ақтөбе облысы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанатбаев 2021 жылға аса қауіпті аурулар бойынша республикалық қордан биопрепараттар бөлінгенін, ауылдық округтерде ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шаралар басталғанын хабарлады.
Құтырудың алдын алу мақсатында облыста 2021 жылы 5 174 ит пен 264 мысық ауланып, жойылды.
2020 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер жоспары 100 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы және үй жануарларын құтыруға, нодулярлық дерматитке, листериозға, пастереллезге, сібір жарасына, шешекке, эктимаға, эмкарға, обаға қарсы вакцинациялау, туберкулезге аллергиялық зерттеулер, иттерді эхинококкозға қарсы дегельминтизациялау жүргізілді.
Баяндамашыларды тыңдап, депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы қабылдады.

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі