Баспасөз хабарламасы

09052021aaaЕнді соғыс болмаса екен...

"PODIUM" модельдік мектебінің оқушылары ҰОС ардагерлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады, гүлдер мен шайға тәтті сыйлықтар табыс етті.
- Ұлы соғысқа қатысқан аталар мен әжелерді құттықтау бастамасы мектептің белсенді оқушыларына тиесілі, - деп хабарлады облыстық мәслихаттың депутаты және модельдік мектебі жұмыс істейтін шығармашылық даму орталығының директоры Әсел Зелетдинова.- Балалар Жеңіс күніне орай өз қолдарымен ашық хаттар дайындап, оларды соғысқа қатысушыларға табыс етуді шешті, репертуарында соғыс жылдарының әндерінен, майдан ақындарының өлеңдерінен тұратын тұтас концерттік бағдарлама дайындады.

 

0905202109052021bbb

Құттықтау акциясына облыстық мәслихаттың депутаты, "Қазхром ТНК" АҚ президенті Арман Есенжулов қатысып, балаларға ардагерлердің мекен-жайы бойынша жүріп-тұру үшін шағын автобус ұсынды.
Модельдік мектептің оннан астам оқушылары 9 мамыр Жеңіс күнінде ҰОС ардагерлері Юрий Пономарев, Борис Конюшенко, Петр Ходус, Гизат Тухтабаева, Нина Галкин, Алмат Ермағамбетова, Вера Лотковаға, Анастасия Прихно, Онисия Харьковқа, Ажар Оразғалиеваға барды. Осы тізімдегі ең жас ардагер Михаил Диденко биыл 95 жасқа толса, үлкені Юрий Пономарев 103 жаста.
- Жас ұрпақтың бізді, ардагерлерді ұмытпағаны өте қуанышты. Бұл ел басшылығы жастардың патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлетінін білдіреді, бұл кез-келген ел үшін маңызды, өйткені ол аңызға айналған әнде бекер айтылмаған, "...біз бейбіт адамдармыз, бірақ біздің бронды пойызымыз қосалқы жолда тұр...". Бірақ, қайғыға толы, жолдастарынан айрылған, күн сайын өлімді көретін сол кездегі біз секілді ұрпақ, бір нәрсені қалаймыз – бейбітшілік мәңгі болсын", - деп қонақтарға сыйлықтар мен құттықтаулар үшін алғыс айтқан соғыс ардагері, Мәскеу аспанын жау әуе шабуылдарынан қорғаған зенитші Нина Галкина.
- ҰОС ардагерлерін құттықтау - біздің оқушыларымыздың жалғыз акциясы емес, - деп сендірді Әсел Зелетдинова. - Ақтөбеде болып жатқан бірде-бір мереке немесе маңызды оқиға назардан тыс қалмайды, оқушылардың белсенді тобы түрлі идеяларын, осындай немесе басқа мерекені бірге атап өтуді ұсынады.
Айта кетейік, 150-ден астам ақтөбелік балалар мен жасөспірімдер білім алатын "PODIUM" модельдік мектебі Ақтөбеде бес жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Әсел Зелетдинованың айтуынша, мектепте өткізілетін сабақтардың басты мақсаты – 12-17 жас аралығындағы оқушыларға сезімін дарыту, жас кезінен бастап олардың өз денелерін басқаруға үйрету және ең бастысы, оларға өзіне сенімді болуға көмектесу.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі