Баспасөз хабарламасы

05052021 kazakskiicccccccccccccccci2021 жылғы 6 мамырда депутат Амангелді Есеркеповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов пен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында депутаттар денсаулық сақтау мәселелерін талқылады.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев отырысқа қатысушыларға Ақтөбе облыстық мәслихатының "Ақтөбе облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы", "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы", " "Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешімдерінің жобаларын қарауға ұсынды.
Қарауға ұсынылған мәселелерді талқылай отырып, депутаттар осы мәселелерді облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы тиісті қаулылар қабылдады.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі