Баспасөз хабарламасы

05052021kazak2021 жылғы 5 мамырда депутат Гүлжанат Ерғазинаның төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста облыстық мәслихаттың хатшысы Амангельды Нугмановтың, облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен ауыл шаруашылығы басқармалары басшысының орынбасары А.Т. Алжановтың, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н. С. Алдияровтың, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м. а. А. И. Көбеновтің баяндамалары тыңдалды.
Осылайша, баяндамашылар облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізуді ұсынды.


Атап айтқанда, Әйтеке би ауданының Комсомол ауылдық округінің Комсомол ауылы Темірбек Жүргенов ауылы, Қобда ауданының Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы Бесқұдық ауылы, Әйтеке би ауданының Басқұдық ауылдық округі, Тұмабұлақ ауылдық округі болып қайта атау ұсынылды. Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округінің "Тымабұлақ" ауылы атауының транскрипциясы "Тұмабұлақ"ауылы болып өзгертілсін.
Жер комиссиясының төрағасы А.Б. Бердалиннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның кандидатурасын комиссия құрамынан шығарып, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының кандидатурасын енгізу ұсынылды. Комиссия мүшесі Е.Ш.Кежаланың жұмыстан шығарылуына байланысты комиссия құрамына құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н. С. Алдияров енгізілсін.
Сонымен қатар, отырыста Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының жобасын жаңа редакцияда бекіту ұсынылды.
Депутаттар сондай-ақ облыстық мәслихаттың қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселелерді қарады.
Баяндамаларды талқылағаннан кейін депутаттар сөз сөйлеушілерге бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулылар қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі