Баспасөз хабарламасы

05.04.2021 kaz5 мамыр, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Іс-шарада партияның облыстық филиалы мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдардағы жұмыс нәтижелері тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айтылды.
Конференция жұмысына партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов, облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов, "Nur Otan" фракциясының облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Конференция жұмысын бастаған Оңдасын Оразалин партия Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың сайланбалы органдарының, саяси кеңестің, Саяси кеңес Бюросының және бақылау-тексеру комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталғанын атап өтті. Екі жыл ішінде үлкен жұмыс атқарылды, үлкен нәтижелерге қол жеткізілді.
- "Nur Otan" - нақты істер мен игі бастамалардың партиясы. Ел тұрғындары партияның қолдауын сезінуде. Партия қоғамдық қабылдаулар арқылы ақтөбеліктердің өзекті мәселелерін назардан тыс қалдырмайды және оларға нақты көмек көрсетеді. Біздің басты міндетіміз - партияның беделін көтеру, халықпен кері байланысты қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау, - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Есепті кезеңнің жұмысын қорытындылай келе, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов партиялық жобалардың жүзеге асырылуына тоқталды.
Оның айтуынша, ардагерлер, мүгедектер, жастар, балалар, аналар мен бизнес мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған 5 партиялық жоба бойынша тиімді жұмыс жүргізілуде. Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін облыста партия жанынан 12 өңірлік Қоғамдық кеңес құрылды.
Айта кету керек, 2019-2020 жылдары облыстың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 18 мыңнан астам адам жүгінген. Сұрақтардың 63% оң шешімін тапты, ағымдағы жылдың 3 айында бұл көрсеткіш 65% - ды құрады. Мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, филиал төрағалары, заңгерлер мен медиаторлар 3 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 13 мыңнан астам адамды қабылдады. "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы"партиялық жобалары аясында үлкен жұмыстар атқарылды. Партия мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары "баланы мектепке жинайық", "Біз біргеміз"республикалық акцияларына белсене қатысты. Облыста "Кедергісіз келешек"партиялық жобасы да белсенді жүзеге асырылуда.
Конференция соңында партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі