Баспасөз хабарламасы

04.05.2021kazДепутаттар мен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары сенаторлармен өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.
4 мамыр сейсенбіде облыстық мәслихатта өткен кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мухтар Джумагазиев пен Бауыржан Каниев әріптестеріне еліміздің жоғары заң шығарушы органы қабырғасында қабылданған заңдар туралы айтып, жергілікті мәселелерді талқылады. Парламент жергілікті өкілді орган өкілдерімен әңгімелесуіне облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов қатысты.
– Біздің мақсатымыз - өңірдің қалай және немен өмір сүріп жатқанын білу, сондықтан біз бірнеше күн бойы әріптесімізбен бірге облыстың бірнеше ауданына, жергілікті жерлерде ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандыратынын білгіміз келеді, - деп түсіндірді Мұхтар Жұмағазиев. – Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугмановтың ұсынысы бойынша депутаттармен кездесуге шешім қабылдадық. Жыл басынан бері Сенатта 40 заң қабылданды және олардың көпшілігі өз формасына ие болды, өйткені депутаттар облыстар мен аудандарға барады, тұрғындармен кездесу барысында олардың барлық тілектерін тыңдап, назарға алады. Олардың ішінде мал ұрлығы туралы Заң, барша қазақстандықтарды алаңдатып отырған жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым салу туралы Жер заңы, педофилия үшін жазаны қатаңдату туралы Заң және т.б. бар.

Бауыржан Каниев өңірдегі маңызды мәселелердің бірі ауылдарды газдандыру және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылатынын атап өтті.
- Әрбір сапарымда бірінші кезекте сумен жабдықтау, газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын, экономикалық тұрғыдан ауылдық жерлердің қалай дамып жатқанын егжей-тегжейлі танысуға тырысамын. Біздің облыста барлық бағыттар бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатқаны қуантады, - деп атап өтті сенатор.
Облыстық мәслихат депутаттары өз кезегінде қонақтарға өңірдің қандай проблемаларын, олардың пікірінше, бірінші кезекте шешу қажеттігін айтты. Әңгіме барысында Алға ауданы Бестамақ ауылындағы "Парижская коммуна" шошқа кешеніндегі жағдай туралы айтылды. Депутат Сулупан Шинтасова асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын жетілдіру қажеттігі туралы айтты.
- Қазір субсидиялауға саны 50 бастан кем емес ірі қара мал аналық басы жатады. Бірақ 18 айға дейінгі мал түспейді. Ережеге өзгерістер енгізу азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде сүт-тауар фермаларына айтарлықтай қолдау көрсететін болады, - деп атап өтті депутат.
Депутаттардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, сенаторлар мәселелерді мұқият зерделеп, Парламентте жария етуге уәде берді.
Сөз соңында Амангелді Нугманов әріптестеріне сындарлы сұхбаты үшін алғысын білдіріп, Мәжіліс пен Сенаттың елордалық депутаттарының кездесулерін тұрақты негізде өткізу қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі