Баспасөз хабарламасы

28.04.2021 rusМүгедектер қоғамының мүшелері мен еңбек ардагерлері облыстық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қаланың Триатлон паркіне ағаш отырғызуға шықты.
- Бүгінгі күні ағаш отырғызу "Біз біргеміз!" акциясы аясында жүріп жатыр және депутаттармен бірге қаламызды көгалдандыру жұмыстарына қатысуға қуана келістік, - деп түсіндірді облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантикенов. – Бүгінгі көктемгі ағаш отырғызуға біздің мүгедектер қоғамының мүшелері, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, соның ішінде 90 жастағы Нағима Алдынгарова әжейімізде үлкен ықыласпен қатысты. Ол бес жасынан бастап біздің облыстың егістіктерінде жұмыс істеді, тракторды басқарған алғашқы әйелдердің бірі болды, жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеді.

 


Облыстық мәслихат депутаты Евгений Лазарчуктың айтуынша, қалалық орман шаруашылығы көшет материалын, елуден астам терек, тал, алма көшеттерін ұсынған.
- Ағаштардың толық жерсіндірілген және жергілікті климатқа төзімділігі өте жақсы, - деді депутат. - Отырғызу орнында суару жүйесі де бар, сондықтан біз көшеттер өлмей, әрі қарай жетілетіндігіне сенімдіміз.
Депутаттар ағаш отырғызуға белсенді көмектескен еңбек ардагерлері жұмысты аяқтады. Ал жұмыс аяқталған соң, Облыстың ақсақал еңбеккері Нағима әжей бата беріп, баршамызға амандық, елімізге гүлдену тіледі.
- Бұл бір реттік акция емес, облыс мәслихаты алдағы уақытта да біздің облыс ардагерлерімен, мүгедектер қоғамымен тығыз байланыста болады, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нугманов. - Өз уақытында біздің өлкеміздің, еліміздің игілігі үшін лайықты еңбек еткендерге тұрақты назар аудару қажет және біз, облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы, әрқашан біздің ардагерлермен және қоғаммен байланыста боламыз. Атап айтқанда, жақын арада облыс орталығында мүгедектерге арналған бірегей оңалту орталығы салынады, бұл мәселе жақында ғана облыс әкімімен қаралып, мақұлданды. 2023 жылға дейін Ақтөбеде мүгедектер көмек ала алатын өз орталығы пайда болады.

 

 

 

Ақтөбе облыстық
мәслихатының баспасөз қызметі