Баспасөз хабарламасы

kaz.23.04.2021Ақтөбенің оңалту орталықтарында болған облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері олардың жұмысымен танысып, мұнда пациенттерді қалай тамақтандыратынын сұрады, емдік, мәдени, спорттық іс-шараларға, тұрмысқа бейімделуге арналған арнайы жабдықтың бар-жоғын тексерді және пациенттермен әңгімелесті.
Өткен бейсенбіде болған облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің топтары "Малика" және "Роза" мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталықтарында болып, медициналық-әлеуметтік тексеру, денсаулық жағдайын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету сияқты қызметтерді көрсетті. Мұнда дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық процедуралар, психологиялық тренингтер өткізіледі, медициналық-сауықтыру шаралары ұйымдастырылып тұрады.
Топ құрамына облыстық мәслихат депутаттары Сұлупан Шынтасова, Қайрат Сабыр, Бақтыхан Жаншаева, Күлшат Масалимова, Әсел Зелетдинова, Баянды Сәрсембина және қоғамдық кеңес мүшелері Марат Қойлыбаев, Келдібай Еспағамбетов кірді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бастаған топ мүшелері орталықтарда қандай қызметтер және қандай сапа көрсетілетінін, сондай-ақ, мұнда пациенттерді қалай тамақтандыратынын, қызмет көрсету кезінде қандай жабдық пайдаланылатынын мұқият қарап шықты. Сондай - ақ, біз осы орталықтардағы пациенттермен осы жерде көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы пікірлерін білу үшін сұхбаттастық, сапар қорытындысы бойынша, мұқият талдау мен талқылаудан кейін, осы оңалту орталықтарының қызметіне тиісті баға беретін боламыз – деп бөлісті депутат Сұлупан Шынтасова.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының
баспасөз қызметі