Баспасөз хабарламасы

kaz.22.04.20212021 жылғы 21 сәуірде облыстық мәслихатта депутат Амангелді Есеркеповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев 2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыста біріншісі акушерлік, екіншісі экстрагенитальды патологияға байланысты 2 ана өлімі тіркелгендігі туралы баяндады. 2 жағдайда комиссия облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде медициналық көмек көрсетуге байланысты диагностикалық және ұйымдастырушылық кемшіліктерге жол берген медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тәртіптік шараларды тексеріп, талқылады.
Осыған орай, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық медициналық білім беру орталығының акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандары Ақтөбеге шеберлік сабақтарын өткізуге шақырылды.

29 акушер-гинеколог, 23 анестезиолог-реаниматолог, 30 неонатолог оқытылды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров қазір облыста 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резерв орталығы және басқалары жұмыс істейтінін баяндады.
Сондай – ақ, облыс орталығында Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Клуб жұмыс істейді, онда спортшылар саны 916 адамды құрайды, олардың 36-сы "ҚР спорт шебері" атағына ие.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысынан Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына 3 спортшы лицензия жеңіп алды.
Қазір облыста 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оларды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысы
Мәслихаттың баспасөз қызметі2021 жылғы 21 сәуірде облыстық мәслихатта депутат Амангелді Есеркеповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев 2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша облыста біріншісі акушерлік, екіншісі экстрагенитальды патологияға байланысты 2 ана өлімі тіркелгендігі туралы баяндады. 2 жағдайда комиссия облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде медициналық көмек көрсетуге байланысты диагностикалық және ұйымдастырушылық кемшіліктерге жол берген медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тәртіптік шараларды тексеріп, талқылады.
Осыған орай, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық медициналық білім беру орталығының акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандары Ақтөбеге шеберлік сабақтарын өткізуге шақырылды.
29 акушер-гинеколог, 23 анестезиолог-реаниматолог, 30 неонатолог оқытылды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров қазір облыста 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резерв орталығы және басқалары жұмыс істейтінін баяндады.
Сондай – ақ, облыс орталығында Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Клуб жұмыс істейді, онда спортшылар саны 916 адамды құрайды, олардың 36-сы "ҚР спорт шебері" атағына ие.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысынан Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына 3 спортшы лицензия жеңіп алды.
Қазір облыста 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оларды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысы
Мәслихаттың баспасөз қызметі