Мектепке жол

mektepke-zhol-2«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында " Нұр Отан" партиясының Фракция мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Аркадий Юрьевич Ни өзінің сайлау округіндегі азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетті. Ата-аналармен бірлесе балаларға қажетті заттар, соның ішінде мектеп формасы, спорттық костюмдер, аяқ киім және оқу құралдары алынды. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл материалдық қолдау көптеген мұқтаждар үшін қажет және уақытылы.