• Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингісінде үздік деп танылды.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бірінші жартыжылдықта 100 пайыздан астам тұрақты өсім көрсетті.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    600-ден астам ақтөбеліктер «AsarJoly» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары ветеринарлық қадағалау және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Облыстық мәслихат депутаттары аутизммен ауыратын балалардың жағдайы мен оларды медициналық стационарларда ұстау мәселелерін талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Депутат пен ақтөбелік телекөрермендер Экология мәселелері туралы талқылады.

  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

    Қазақстан мәслихаттарының хатшылары жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін және референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтар жұмысының қорытындыларын талқылады.


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Бейне


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты


  • Ақтөбе облыстық мәслихаты

Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

 

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы 2022 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді

Күн тәртібі:

1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.
Баяндамашы: О.С.Оразалин – облыс әкімі
2. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
3. Ақтөбе облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы.
4. Ақтөбе облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы.
5. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Қ.І.Сәрсембай – ветеринария басқармасының басшысы

6. Өзге сұрақтар.

 

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2022 жылғы 17 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

  

Облыстық мәслихаттың хатшысы
А. Нугманов

 

Өзге сұрақтар

Баспасөз хабарламасы

8 қазанда №4 Мясоедов сайлау округінің депутаты М.С. Итеғұлов төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов және оның орынбасарлары Ақтөбе облыс мәслихатының депутаты С.М. Қалдығұлова, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұрағы қаралды.
Бұл сұрақ бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева мәлімет етті.
Депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақ қойып, «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін қабылдады.

 


Екінші «Ақтөбе қаласының Бас жоспарының жобасы туралы» сұрағы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н. А.Боранбаев және «Градкомплекс» ЖШС директоры Н. А. Аужанов мәлімет етті.
Бас жоспардың ішіне қала сәулетін кеңейту, өркендету сонымен қатар демографиялық, әлеуметтік – экономикалық, аумақтық- жоспарлық, функционалды – жоспарлық, сәулетті – кеңістік аумақтарының ұйымдастыру, көлікті – инженерлік және экологиялық ортаны жақсарту жағдайларды нығайту жоспарлары енгізілді . Бұл Бас жоспар қала құрылысы жүйесінің аралық документі болып табылады және әдеттегідей облыстық жоспарлаудың кезеңінен кейін жасалынады.
Бас жоспардан кейін толық нұсқалау және аумақтық құрылыс жобалары басталады. Бас жоба қаланың стратегиялық, құрылымды, инженерлі-көліктік бағыттарында дамуын қарастырады.

 

Депутаттар баяндамашыға бір салымды үйлер мен жеке салымды құрылымдарға байланысты сұрақ қойған соң, Ақтөбе қаласынын Бас жоспарының жобасын мақұлдап, Бас жоспардың жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізілу туралы шешім қабылдады.